Қаланың кейбір аудандарында жолдарда жиналып қалған судың тереңдігі 60 см-ге дейін жетеді. Жүргізушілер «Рамстор» СО ауданының астындағы көпірді айналып өтуге тырысуда. Ал судың ішіне бойлап кеткен көліктер әрі қарай жүре алмай тұр. Тіпті жүк көліктердің өзі бұл суды еңсере алмауда.
Сондай-ақ құйып өткен жаңбырдың салдарынан қазіргі уақытта Астананың бірқатар қиылыстарында бағдаршамдар жұмыс істемей тұр. Тізеге дейін келетін судың және де көлік қозғалысынан көтерілген «толқындарға» байланысты, жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлеріне қиылыстардың ортасына шығуға әзірге мүмкіндік болмай тұр.