Астанада биылғы 5 маусым мен 15 тамыз аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан «Астана жұлдызы» монументіне жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жұмыс тарихи-мәдени мұраны сақтау және нысанның тиісті жай-күйін сақтау мақсатында жоспарланған.
Айта кетейік, Ақтөбеде «Әлімбет» шекара бекетіндегі жөндеу жұмысы биыл аяқталады.
2026 жылғы жол-құрылыс маусымы басталғалы бері Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.