«Қауіпсіз қашықтықты, жылдамдық режімін сақтап, жол белгілері, автотұрақ және көліктер аялдамасының нұсқамасын қатаң орындау қажет, жүргіншілерден жолдан бегіленген орындар арқылы ғана өтуін сұраймыз», - деп хабарлады елордалық ІІБ баспасөз хатшысы С. Қолышбекова.
Атап өтсек, синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысында жер-жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Астанада сенбі күні ауыспалы бұлт шығып, түнде және таңертең жауын-шашын, тұман болады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз 1 3°С.