«Күнделікті күйбең тірлікпен біз қарттарымызды қамқорсыз, назарсыз қалдырамыз. Шараның мақсаты - қарттарға бір сәт болса да қуаныш сыйлау, астаналықтардың назарын аударту» - деді Алматы ауданы әкімдігінің әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Айгүл Шалғымбаева.
Келген қарияларға «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының өкілі Ольга Кабанюк экскурсия өткізді. Қонақтар ғимараттың алыптығына таңғалып, мұндай кереметті бұрын-соңды көрмегендерін айтты. Оларға арналып «Fish market» мейрамханасында түстік берілді, жас дәурен шақтарындағы әуендер қойылды. «Хан Шатырда» орналасқан «Nomad-Art» фирмасы сыйлықтар, ал «Астықжан» сауда жүйесі азық-түлік салынған себеттер тарту етті.