Астана жұрты Жаңа жылды ерекше көңілмен қарсы алды (ФОТО)
03:00, 01 Қаңтар 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары мен қонақтары күннің суығына қарамастан Жаңа 2016 жылды ерекше көңілмен қарсы алды.
Алдымен елордалықтар үлкен экраннан Елбасының құттықтау сөзін тыңдады. Қаланың әсем безендірілген мұз қалашықтарын тамашалап, балалар сырғанақ тепті. Қаланың орталық алаңдарында мерекелік конецерттер өтіп жатыр. Жаңа жыл кеші отшашумен жалғасты.
Суретті түсірген Ризабек Нүсіпбек