- Григорий Штейн жарыстың алғашқы шақырымдарынан-ақ шабуылға шығып, бүкіл жарыс бойы алда болып, мәрекеге екінші болып келді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Бұл оқиға Италияда дүрбелең туғызды. Бүкіләлемдік «La Gazzetta dello Sport» басылымы біздің шабандоздың табысын таңдана жазады», - деді велоспорттан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Байгудинов.
Қазақстандық құрлықтық команданың тағы бір құрамы «Түркия туры» көпкүндік веложарысына қатысуда. Үшінші кезеңнен кейін «Astanacity» шабандозы Никита Стальнов жалпы есепте төртінші орынға ие болды.