Елордада 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайды
11:40, 21 Желтоқсан 2023
Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн форматқа көшірілді, деп хабарлайды Кazinform.
«21 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген қалалық Білім басқармасының мәліметінде.
Айта кетейік, синоптиктер елордада және тағы 15 өңірде ескерту жариялады.
Кеше түнде ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 өңірде республикалық маңызы бар жолдардың 16 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.