Астанада 0-9 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды

Фото: Фото: freepik.com

Астанада 0-9 сынып оқушылары сабақты онлайн оқитын болды. Бұл туралы Kazinform елорданың Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ара райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады" делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығынан төменгі сынып оқушылары қашықтан оқитынын жазған едік. 

Бұл жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі мәлім еткен еді.

"Қызылорда қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты ертең, 11 желтоқсанда 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылады. Бұл шешім қаладағы 56 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптарына қатысты", - деп жазылған хабарламада.