«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, ауа температурасы түнде -10;-12°C болса, күндіз -5;-7°C болады. Желдің жылдамдығы 17-25 м/с, қар жауады, боран.
Еске салайық, 1-4-сыныптарда ауаның температурасы -25 градус болғанда; ал 1-9-сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері (1-2-курс) үшін - 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.