Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 23 наурыз күні түнгі сағат 23:05-те «Suzuki» көлігін тізгіндеген 21 жастағы қыз Бөгенбай батыр даңғылымен келе жатып, Бейбітшілік көшесіне солға бұрылған кезде «Toyota» көлігіне соғылған. Екінші көлікті жүргізіп келе жатқан 1996 жылы дүниеге келген жүргізуші қарсы бағытта тік келе жатқан.
Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және олардың 1994, 1991 жылы дүние келген жолаушылары түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сәйкесінше сараптамалар тағайындалған.
Сонымен қатар 24 наурыз күні түнгі сағат шамамен 01:30-да дәл сол көше қиылысында тағы да жол апат орын алды. Бұл жолы «Мерседес» және «Шкода» көліктері соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан жарақат алған «Мерседес» көлігінің 1988 жылы дүниеге келген жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Ал екінші көліктің жүргізушісі медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді. Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
11:13, 24 Наурыз 2017
Астанада 1 көше қиылысында 2 ірі жол апаты болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Астанада Бөгенбай батыр даңғылы мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында 2 ірі жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.