Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.
Мерекенің орталығы - «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда құрылған 3 сахнада ойын-сауық концерттік бағдарламасы өтеді.
Негізгі сахнада 11.00-ден 14.00-ге дейін қаланың шығармашылық ұжымдарынан 2 000-нан астам әртіс қатысады. Концертке: «Rin'Go», Мәдина Садуақасова, Парвиз Назаров, Еділ Құсайынов, Әлішер Кәримов, Алмаз Кішкенбаев, Маржан Арапбаева, «Дервиши» сияқты танымал отандық топтар мен әншілер қатысады. Сонымен қатар бас сахнада Грузияның ұлттық балеті, Өзбекстан мен Ресейдің би ұжымдары, өзбек эстрадасының жұлдызы Севара Назархан, тағы да басқа көптеген әртістер өнер көрсетпек.
Кіші саханада 12.00-ден 18.00-ге дейін елорданың этномәдени бірлестіктері өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынады.
Астананың басты алаңындағы мерекелік іс-шараға 100 000-нан астам адам қатысады деп жоспарланған.
Сондай-ақ, спорттық жарыстар (арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, басқа да спорт түрлері) өткізуге 2 алаң қойылған;
20 сауда шатырында азық-түлік тағамдарының бөлшек саудасы жүреді. Сонымен қатар, елорда мейрамханалары мерекеге келушілер үшін этоностардың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынуы да қарастырылған.
1 мамырда 12.00 сағатта елордалық «Наз» театрында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерт өтеді. Концертте күрд, ұйғыр, болгар этномәдени орталықтарының шығармашылық театры ұжымы мен ардагерлер хоры өнер көрсетеді.
1 мамырда 10.00-де «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің маусымдық ашылуына арналған «Бірлік түбі - береке» концерті өтеді.
Бұдан басқа бұл күні «Барыс» СК-да балалардың «Астана» ХК командасы мен Ақмола облысының «Ақкөл» командасы арасында шайбалы хоккейден жолдастық кездесу қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.
Сол күні 19:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «Астана» БК - «ВЭФ» БК арасында баскетболдан Бірыңғай лигада плей-офф сериясы өтеді.