Астана қаласы статистика департаментінің мәліметінше, жеке салушылармен жалпы ауданы 112 140 шаршы метрлік тұрғын үй салынған, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,7 есеге артық. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 8,5%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-шілдеде 2,8%-ды құраған болатын.
2016 жылдың жеті айында тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 74 144,8 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-шілдедегі көрсеткіштердің 99%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражат үлесі 19,3%-ды құрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.