«Ақмола облысының тұрғындары аулада тұрған көліктен 1 млн. 200 мың теңге қаражатты қолды етіп, куәгерлердің айтуынша, «Мицубиси» маркілі көлігімен із суытқан»,делінген хабарламада.
Қаладан шығар жолда жол-патрульдік полиция қызметкерлері «БМВ» маркілі көлігінің құжатын тексеріп, сезіктіге ұқсайтын 3 жолаушыны анықтаған. «Тінту барысында жолаушылардан 1 млн. теңгеден астам қаражат пен «Мицубиси» көлігінің кілті табылды. Тергеу кезінде олар кінәсін мойындады. Олар «Мицубиси» көлігін әдейі қалдырып, «БМВ» маркілі такси көлігіне отырғанын айтты», - деп түсіндірді қалалық ІІД.
Тіртіп сақшылары айғақ заттарды тәркіледі. Күдіктілер Астана қ. ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 175-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.