«Жемқорлыққа қарсы қызметтің БАҚ беттерін мониторингілеу мен жоспардан тыс тексеруі кезінде Кедендік одақ елдерінен әкелінген көліктерді есептен шығару мен автокөлік үшін сәйкестік сертификатының болуы туралы қосымша құжаттарды ұсыну бойынша ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшылығымен негізсіз талаптар енгізілгені анықталды. Осының нәтижесінде тек Астанада 1 мыңнан астам адам өз көліктерін тіркей алмаған»,- деді департамент басшысы елорда әкімдігінде өткен мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің сапасы мәселесіне арналған семинар-кеңесте.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған талаптан ішкі органдар бас тартқан және көлікті тіркеу шаралары жалпы стандарттар бойынша жүргізілуде.