Астанада 1 шілдеде ауыз су беру тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ертең сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін Тәшенов көшесі бойында су құбырларында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ауыз су беру тоқтатылады, деп хабарланды Астана әкімдігінің сайтында.

Ауыз су беру келесі нысындарда тоқтатылады:

1. Тәшенов көшесі, 17/1, 19, 23;

2. Тәшенов көшесі, 21/1, 25;

3. «Халиф» дәмханасы (Тәшенов көшесі, 21).