Астана қаласының ресми сайтының хабарлауынша, Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» Халықаралық медиа орталығында Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында әлеуметтік акция өткізуге арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Олжас Омардың мәлімдеуінше, Тұңғыш Президент күніне орайластырылған акцияны өткізуге Астана қаласының мәслихаты көмек көрсетуде.
Тұңғыш Президент күніне орай елорданың жекелеген санаттағы отбасыларына азық-түліктер жиынтығы, қамқоршылар қарауына алынған жетім балаларға сыйлықтар үлестіріледі. Сондай-ақ 1 желтоқсанда дүниеге келген сәбилердің аналарына сыйлықтар берілетін болады.