Бұл туралы аstana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.
«Жеке салушылармен жалпы ауданы 66 983 шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған. Бұл 2012 жылғы қаңтар-қазандағы көрсеткіштен 161,8 пайыз артық. Жалпы пайдалануға берілген тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үйдің үлесі 2012 жылғы қаңтар-қазандағы 3,9 пайызға қарағанда 7,7 пайызды құрады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2013 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысына 147,8 пайыз инвестиция тартылды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражат үлесі 19,1 пайызды құрады.