Астанада 10 жасар бала көлік астына түсіп қаза тапты - ТЖМ

None
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Астанада «Лексус» автокөлігін мінген 20 жастағы жүргізуші 10 жасар баланы қағып кетті,

деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Жол апаты кеше, сәуірдің 7-сі күні кешқұрым, Алматы ауданы Кенесары мен Брусиловский көшелерінің қиылысында орын алды. Бала алған жарақаттардан оқиға орнында мерт болды.