Бүгін елордадағы Тамыз кеңесінде Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов осылай мәлім етті.
«Сонымен қатар баланы мектепке дейінгі тәрбиелеудің сапасы мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Бұл білім беру үдерісінің өте маңызды әрі үлкен блогы. Сондықтан да алдағы жылы мұғалімдердің Тамыз конференциясы аясында осы тақырыпқа арнайы кеңесті арнауды ұсынамын»,-деді И. Тасмағамбетов.
Әкімнің айтуынша, бүгінде қала балабақшаларында 33 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Ал кезекте тағы 40 мыңнан астам бүлдіршін тұр.