Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Астанада 2 256,2 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111,9%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2 420,1 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 110,6% болды.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының Индустриялық аймақтарды әкімшілендіру департаментінің директоры Алмат Әлімбайдың айтуынша, № 1 Индустриялық парк елордадағы негізгі өндірістік алаңдардың бірі саналады.

— «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан № 1 Индустриялық парк — елордадағы негізгі өндірістік алаңдардың бірі. Мұнда жалпы құны 369 млрд теңгеден асатын 145 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 103-і жұмыс істеп тұр, 42 жоба іске асыру сатысында. 30-дан астам кәсіпорын шетелдік инвестицияның қатысуымен құрылып жатыр, — деді ол.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Оның мәліметінше, арнайы экономикалық аймақ аумағындағы кәсіпорындарда 7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында тағы шамамен 2,5 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46

Сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде № 2 Индустриялық парк жобасы жүзеге асырылуда. 2029 жылға дейін мұнда жалпы құны шамамен 500 млрд теңге болатын 100-ден астам жобаны орналастыру жоспарланған. Бұл шамамен 8 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Осы бағытта Индустриялық парк № 1 аумағында орналасқан «Локоматив құрастыру зауытының» көрсеткіштері елордадағы өнеркәсіп саласының жалпы өсімімен қатар қалыптасып отыр.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Зауыт 2009 жылдан бері Evolution сериясындағы локомотивтерді өндіреді. Қазір мұнда 530-дан астам адам жұмыс істейді, өндірістік желілердің қуаты жылына 120 локомотив құрастыруға мүмкіндік береді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Локомотив құрастыру зауытының өндірісі ішкі нарықпен шектелмейді. Кәсіпорын өнімдері Әзербайжан, Молдова, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Украина, Моңғолия және Өзбекстанға жеткізілген.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Зауыт әкімшілігінің басшысы Рауан Донсебаевтың айтуынша, 700 локомотивтің 42-сі экспортқа жөнелтілген. Кәсіпорын локомотивтермен қатар, оларға қажетті құрамдас бөлшектерді де шығарады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— 2009 жылдан бері 700-ші локомотивті шығардық. Оның 42-сі экспортқа жөнелтілді. Қазір біз локомотивке қажетті бөлшектерді де өндіреміз. Мысалы, Үндістанға 300 пойыз арбасының қаңқасын жеткізу жөнінде келісімшарт жасалды. Оның шамамен 200-і жөнелтілді, қалған 100-і биыл және келесі жылы жеткізілетін болады, — деді Рауан Донсебаев.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Кәсіпорынға америкалық Wabtec компаниясы инвестиция салып келеді. Қазақстандағы инвестиция көлемі 230 млн АҚШ долларынан асқан. Қаражат өндірістік қуаттарды дамытуға, технология трансферіне, мамандарды даярлауға және жергілікті жеткізушілердің өндірісін дамытуға бағытталған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46

Зауытпен байланысты өндірістік және сервистік алаңдарда жабдықтар мен құрамдас бөлшектерді өндіру, жөндеу және қызмет көрсету бағыттары қалыптасқан. Бұл өндірістік тізбекте 1 400-ден астам маман еңбек етеді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46

Wabtec компаниясының президенті Френн Дэймон Лидің айтуынша, кәсіпорынның алдағы жылдарға арналған өндірістік келісімдері бар.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46

— Бүгінде 700-ші локомотивімізді шығарғанымызды атап өтіп жатырмыз. Алдағы көптеген жыл бойы өндірісті жалғастырғымыз келеді. Қазір бірнеше жылға жасалған келісімдеріміз бар. Олар өндірісті алдағы ондаған жыл бойы жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл зауыттың болашағы зор деп есептеймін, — деді Френн Дэймон Ли Kazinform агенттігіне берген сұхбатында.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Оның айтуынша, зауытта алғашқы күннен бері еңбек етіп келе жатқан мамандар бар. Кәсіпорын қазір осы компаниялар тобының құрамында жұмыс істейді. Сонымен қатар ол қазақстандық мамандардың біліктілігіне де тоқталды.

— Қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, мұнда қызметкерлер бір-біріне қамқор болып, қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарайды. Соның арқасында сапалы өнімді қауіпсіз өндіруге және оны тұтынушыларға уақытылы жеткізуге мүмкіндік бар. Бізде білікті әрі жақсы дайындықтан өткен мықты еңбек ұжымы бар. Қазір маңызды бағыттардың бірі — жаңа өнімдерді өндіріске енгізу және болашаққа арналған өнімдерді әзірлеу. Біздің негізгі назарымыз осыған бағытталған, — деді ол.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Компания өндіріс тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект пен басқа да цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған жобаларды жүзеге асырып жатыр.

— Жасанды интеллект пен технологияларды пайдалану арқылы өндірісті өнімдірек, қауіпсіз әрі сапалы етуге мүмкіндік бар. Қазір осы бағытта бірнеше жоба бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жобалар жаңа өнімдерді өндіріске тезірек енгізуге және тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкес өнімдерді уақытында жеткізуге көмектеседі, — деп қорытындылады компания басшысы.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46

Айта кетейік, Қазақстанда вагон жасау саласында өнеркәсіптік кластер құрылатынын жазған едік.