Сарапшылар Ұлт Жоспарын жүзеге асыру жөнінде нақты ұсыныстарын алға тартты.
«100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге тиісті жауап болып табылатын мемлекетті жаңартудың кешенді бағдарламасы, Ол Қазақстанның әлемнің дамыған мемлекеттерінің 30-дығына кіру жөніндегі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Ұлт Жоспарын тиімді іске асыру мемлекеттік органдардан, сарапшылық қоғамдастықтан және азаматтық сектордан белсенді өзара іс-қимылды талап етеді», - деп атап өтті ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев.
Сарапшылық клубының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, сарапшылық топтардың, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.