Соның ішінде, «Алматы» ауданында 46210 м3 су, «Сарыарқа» ауданында 38800 м3 су, «Есіл» ауданында 20337 м3 су сорылды.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Астанада алдағы күндері ауа температурасы 27°С дейін көтеріледі. Көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. 28 мамырда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы 10 12°С, күндіз 23 25°С. Жұма, 29 мамыр күні ауа температурасы күндіз 25 27°С, түнде 11 13°С жылы болады. 30 мамыр, сенбі күні синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 8 10°С, күндіз 23 25°С дейін көтеріледі.