«Гиннестің рекордтар кітабымен келіссөз жүргіздік. Әлемдік діни көшбасшылардың съезінде дүние жүзінде алғаш рет 100 түрлі ұлттың музыканттарының басын қосқан ансамбль құрмақпыз. Гиннестің рекордтар кітабына үтімкер ретінде тіркеліп те қойдық», - деді Самат Шапашов.
Сондай-ақ, ол қаладағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері ғимаратқа сыймай жатқанын еске салды.
«Мемлекеттік академиялық филармонияға 7 айлық аренда шығындарына 220 млн теңге қажет. Адамдар сыймай жатқандықтан 7 айға қосалқы ғимарат жалдауға мәжбүрміз. Сондай-ақ, филармония әртістерінің репертуарын танымал платформаларға шығарғымыз келеді. Адамдарға Apple платформасында ұлттық оркестрлік музыканы есту мүмкіндігін бермекпіз. «Шексіз қала» дейтін жақсы жобамыз бар. Соның аясында 1 маусымнан бастап тамыздың соңына дейін әртістердің Үркер, Көктал, Өндіріс елді ықшам аудандарын аралап, ойын-сауық бағдарламасын, дәрістер мен шеберлік сағаттарын өткізуі жоспарланған. Медиа тұлғалармен кездесулер де өткізіледі. Яғни, жаз бойы шеткері аудандарда тұратын балалар осындай жолмен қосымша білім алады», - деді Санат Шапашов.
Мәслихат отырысында қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп шаһардың жаңа көшелеріне өлкедегі көне тарихи атауларды беру жоспарланып отырғанын айтты.