Бағдарламада кейіпкердің өмір жолы, таңдауы, жеңісі баяндалады.
Әйел адам тұрақты трансформацияның символы, көпшілік үшін мотивация мен күш-жігердің көзі ретінде бейнеленеді. Ашық сұхбат барысында жеке оқиғалар арқылы әйелдердің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы ой қозғалады.
Жобаның негізгі тұжырымдамалық ерекшелігі - екі тілде хабар тарату, яғни бір мезгілде қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.
Жобаның авторы және жүргізушісі - Азамат Имашев. Ол бағдарламаны Олжас Пшенбаевпен және Нұрлан Кунафинмен бірге жүргізеді.
Еске салсақ, Президент телерадиокешенінің құрамындағы Jibek joly радиосында «Кликбейт» деп аталатын жоба басталған болатын.