Осы жағдайды тексеру үшін қосымша тәуелсіз сарапшылар шақырылып, дәрігерлердің қызды емдеудің барлық кезеңіндегі әрекеттерін әділ бағалау бойынша кешенді тексеріс басталды.
«Тексерістер мен сараптама қорытындылары дәрігерлерге қатысты заң аясында шара қолдануға пайдаланылады. Бұл мәселені Астана қаласының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті ерекше қадағалап отыр», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.