Астанада 11 қабат биіктіктен құрылысшы құлап, мерт болды - ТЖМ

None
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 11 қабат биіктіктен құрылысшы құлап, мерт болды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, оқиға қыркүйектің 23-і күні таңертеңгі сағат 09.20-да Алматы ауданы, Жұмабаев көшесінде бой көтеріп жатқан «Тұрсын-Астана» тұрғын үй кешенінде болды.

«Алтын-21» ЖШС-ның 27 жастағы жұмысшысы алған жарақаттардан сол орында көз жұмды.