Астанада 11 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «City Transportation Systems» ЖШС Астанада 11 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгеретінін мәлімдеді.

«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 2, 3, 11, 14, 21, 32, 48, 50, 57, 60, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар», — деп мәлімдеді жауапты ведомстводан.

«City Transportation Systems» ЖШС жолаушылар мен қала қонақтарынан сапарларын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.