АСТАНА. KAZINFORM — «City Transportation Systems» ЖШС Астанада 11 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгеретінін мәлімдеді.
«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 2, 3, 11, 14, 21, 32, 48, 50, 57, 60, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар», — деп мәлімдеді жауапты ведомстводан.
«City Transportation Systems» ЖШС жолаушылар мен қала қонақтарынан сапарларын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.