Елордада 14 машина жанып кетті, деп хабарлайды Kazinform қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн суытуына байланысты қалада істен шыққан көлік саны артқан.
«Астанада 11 күн ішінде 14 өртеніп жанып кетті. Күннің суытуына байланысты автокөліктердің істен шығуы және өртенуі жиілеп отыр. Көбіне автокөліктер электрмен қамтудың жетіспеушілігінен болып жатыр. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігін сақтамау да себеп. Елорданың полиция қызметі сақ болуға шақырады», - делінген хабарламада.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.