-Елордамыздың даму жолындағы негізгі басымдықтардың бірі – тұрғындардың қауіпсіздігі. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Заң мен тәртіп» қағидаты құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында табысты іске асып келеді. Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың еңбегіне алғыс білдірдім,-делінген хабарламада.
Сонымен қатар елорда әкімі полицияның кадрлық әлеуеті мен материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Өткен жылдың өзінде қосымша 175 штаттық бірлік бөлнген, сондай-ақ, былтыр 14 жаңа учаскелік полиция пунктін ашып, 200-ден астам қызметтік автокөлік табысталған.
-Қаланың Полиция департаменті қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Соңғы жылдары полицейлерге шамамен 100 қызметтік пәтер берілді. Бүгін ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларына тағы 11 пәтердің кілті табысталды. Жалпы, биыл 26 пәтер бөлінді. Полиция қызметкерлеріне атқарған адал қызметі, кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін ризашылығымды білдіремін. Оларға зор денсаулық, амандық, қызметте толағай табыс тілеймін!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Айта кетейік, бүгін - Қазақстан полициясы күні. 1992 жылы 23 маусымда ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындаған алғашқы құқықтық акт болды. 2007 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып бекітілді.