Астанада 11 жасар бала суға кетіп қала жаздады
20:48, 06 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Сарыарқа ауданындағы коммуналдық жағажайда, Ш.Бейсекова көшесіндегі көпір маңында жүргізілген жоспарлы патрульдеу барысында Төтенше жағдайлар министрлігі жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 11 жастағы баланы құтқарып қалды.
ТЖМ баспасөз қызметі жазғандай, шомылып жүрген кезде баланың аяғы тартылып, судан шыға алмай, үрейлене бастаған. Құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп, баланы судан алып шықты.
Медициналық көмек қажет болмады — жағдайы қанағаттанарлық.
Айта кетейік, ТЖМ құтқарушылары үш мыңдық биіктіктен үш адамды эвакуациялады.