Мектеп кітапханасының меңгерушісі Шапира Сарсембековнаның айтуынша, Алтынай қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен танымдық шығармаларды еркін оқиды. Сонымен қатар, ол француз тіліндегі кітаптарды да меңгеріп жүр. Жалпы алғанда, жас оқырман төрт тілде – қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде кітап оқи алады.
Алтынай мектеп кітапханасындағы барлық кітапты толық оқып шыққан. Бұдан бөлек, оның үйінде жеке үлкен кітапханасы бар. Ата-анасының қолдауымен Англия елінен кітаптарға арнайы тапсырыс беріп алдырады. Бұл оның дүниетанымын кеңейтіп, тілдік қабілеттерін дамытуға зор ықпал етіп отыр.
Мамандардың пікірінше, мұндай жоғары көрсеткіш оқушының тілдік қорын байытып қана қоймай, ойлау қабілетінің дамуына және академиялық жетістіктерінің артуына оң әсер етеді. Алтынай Өтеубаеваның кітап оқудағы жетістігі – жас оқырмандар үшін үлгі боларлық нәтиже.
Бұған дейін Ұлттық ұланда 7 тілде еркін сөйлейтін полиглот сарбаз әскери міндетін атқарып жүргенін жазғанбыз.