Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ведомствоның мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі бастығының орынбасары София Қолышбекова мәлім етті.
«Өңірлік аттестациялық комиссияның шешімі бойынша қызметкерлердің 77 пайызы атқарып отырған лауазымына лайық деп танылды. 105 қызметкер кадрлық резервке қойылып, қызметтерін жоғарылату ұсыныстары берілді. 124 қызметкер өз лауазымынан төмендетіліп, 115 қызметкерді ішкі істер органдарынан шығару туралы шешім қабылданды», - деді С.Қолышбаева.
Оның айтуынша, емтихан алдында қызметкерлердің беделін түсіретін мәліметтердің бар-жоғы тексерілген. Сонымен қатар кадр аппараты аттестаттаудан өтетін қызметкерлердің жеке істерін міндетті түрде зерделеп өтті. Аттестаттау барысында қызметкерлердің әскери, қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары, сондай-ақ қызметтік этика мен ҚР заңнамаларын білу деңгейлері тексерілді.