Астанада 13 жастағы қыз баланы екі күн бойы іздеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 13 жастағы қыз бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қыздың жоғалғаны туралы хабар әлеуметтік желі арқылы тарады. Оны соңғы рет 7 маусым күні түс мезгілінде көрген. 

«8 маусым күні қыздың әкесі полицияға шағым түсірген. Іздестіру жұмыстары бірден басталды. Кәмелетке толмаған қызды табу үшін ювеналды полиция, учаскелік инспекторлар мен өзге де бөлімшелерден арнайы топ құрылып, қалалық ІІД-нің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды»,-деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жоғалған қызға қатысты желіге таратылған посттардың бірінің астына оның табылған туралы хабар келді. Полиция қазіргің таңда аталмыш жазбаны тексеруде.