Астанада 134 жанар-жағармай құю стансасы жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың дамуына және халық санының артуына байланысты жанар-жағармай құю стансалары да көбейді. Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, қазір елордада 134-ке жуық ЖҚС мен газ құю стансасы бар.

Астанада 2012 жылы 118, ал 2011 жылы 117 жанармай стансасы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бүгінде артып отыр. Астана аумағында орналасқан ЖҚС мен ГҚС моторлық майларды сақтауға арналған резервуарлар көлемі 12 419,8 мың литрлік 568 бірлікті құрайды, деп хабарлайды astana.kz. Астанаға бензин Қазақстанның мұнай өңдеуші зауыттарынан (Шымкент, Атырау, Павлодар) жеткізілсе, жеке меншік жанармай құю стансалары Ресейдің Уфа, Омбы, Челябі, Орск және т.б. мұнай өңдеуші зауыттарынан алдырады.