Астанада 135 мың тоннадан астам бидай қоры бар

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың  1 желтоқсанында  Астананың бидай нарығына қатысушылардың қолында  азық-түлік  қажеттіліктеріне арналған  135 253 тонна бидай болды.

Бұл туралы  қалалық Статистика  департаменті хабарлайды.

Елорданың ресми сайтының мәліметінше, астық қорының көп бөлігі бидайдың  үлесіне тиеді. Негізгі дақылдар бидай (99,7%),  қара бидай (0,2%)  және жүгері (0,1%) болып табылады.

Астықтың көптеген бөлігі (89,6%)  қалан элеваторларында  сақталуда.  Елордалық  ұн  комбинаттарында өңдеуге арналған   13785 тонна бидай мен  179 тонна жүгері бар.