Астанада 14 автобустың бағыты уақытша өзгерді

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 1 мамырдан бастап 14 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

2025 жылдың 1 мамырынан бастап елордада №7, 20, 24, 24Н, 31, 33, 34, 41, 47, 56, 57, 61, 84 және 503 автобус бағыттары уақытша өзгертіледі.

Сондай-ақ, CTS көлік компаниясының мәліметінше, 1 мамыр күні Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан орталық касса жұмыс істемейді.

Касса 2 және 3 мамыр күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі әдеттегі жұмыс режимінде түскі үзіліссіз қайта ашылады. Соңғы билет 17:45-те беріледі. Жексенбі -  демалыс.

Айта кетелік қоғамдық көлік иелері автобус ішіне камера орнатуға міндеттеледі. Сондай-ақ Астанада Жұмабаев даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады