АСТАНА. KAZINFORM — Осы сәтте ТЖМ өрт сөндірушілері Алматы ауданы Б. Момышұлы даңғылындағы 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында орналасқан балконнан шыққан қызыл жалынды өшіруге талпынып жатыр. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
— Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін балконның ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау мен өртті сөндіруге шұғыл кіріскен. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ, — делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттан 8 адамды эвакуациялап, көрші пәтерден 2 бала құтқарылды. Өртті сөндіру жалғасып жатыр.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)