Қалалық тілдерді дамыту басқармасының басшысы, ономастикалық комиссия төрағасы Ербол Тілешов өз баяндамасында алдағы уақытта кейбір көшелерге белгілі қоғам қайраткерлерінің, тарихи тұлғалардың - Шыңғыс Айтматовтың, Ұзақ батырдың, Шәймерден Қосшығұлұлының, Ілияс Омаровтың, Жантай батырдың, Зейін Шашкиннің, Әмина Өмірзақованың және т.б. есімдері берілетінін атап өтті. Бұдан басқа, орамдар да қайта аталатын болады. Жалпы, Астанада 15 көшенің атауы өзгертіледі.
Елордалық мәслихат хатшысы Сансызбай Есілов мәселені талқылау нәтижесінде депутаттармен Астана қаласы көшелерін атау және қайта атау рәсімін нақты ережелер шеңберіне келтіруге қатысты бірқатар ескерпелер мен ұсыныстар жасалғанын атап өтті және жақын уақытта тілдерді дамыту басқармасы көшелерді қайта атау және атау бойынша процесті реттейтін ережелер жобасын немесе тұжырымдаманы мәслихаттың қарауына енгізілетінін айтты.