Астанада 15 мамырға дейін Тілендиев даңғылында қозғалыс шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM – 3 пен 15 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының К. Күмісбеков көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. 

Фото: Әділет Бірімқұлов/ Kazinform

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын 3 пен 15 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының К. Күмісбеков көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді.

Осы уақытта автокөлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Астанадағы Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі 7 күнге жабылады