Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл іс-шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.
Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді. Жолаушылар осы ақпаратты ескергені жөн.
Айта кетейік, Түркістанның бірнеше қаласында референдум күні автобустар тегін қатынайды.