Астанада 15 жылда халық саны 2,5 есе өсті

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Елорданың әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамуы - мұндағы халық санының да тез өсуіне жағдай туғызды. Өткен он бес жылда қала халқының саны 300,5 мыңнан 2013 жылдың басында 778,2 мың адамға дейін өсті. Аstana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлағанындай, 2013 жылдың 1 қаңтарында елорда халқының қоныстану тығыздығы 1 шаршы метрге 1096 адамнан келетіндігі көрсетілген. Әрі соңғы мәліметтер бойынша, тұрғындардың орташа жасы 30 жас болып отыр.

«Елорда тұрғындарының құрылымында жасы мен жынысы бойынша да айтарлықтар өзгешеліктер бар. Ерлер 1,7 пайызға өсіп, 2013 жылдың басында 375 697 адамға, әйелдер 53,4% пайыздан 51,7%-ға төмендеп, үлес салмақтарында айырмашылықтар болған»,- деп атап көрсетеді ведомство.

Кейінгі 15 жылда елорда тұрғындарының жас ерекшеліктерінде айтарлықтай өзнерістер болды. Халықтың көп бөлігін 15 жасқа дейінгі балалар құрайды. 2012 жылы елордада 19 500 сәби дүниеге келген. 60 және одан да жоғары жастағылар контингенті (10,4%-нан 6,5%-ға дейін) төмендеген.

2013 жылдың басында еңбекке қабілетті жасқа жетпегендер 186 889 адам (жалпы халықтың 24%-ы), еңбек жасындағылар - 540 851 адам (жалпы халықтың 69,5%-ы), еңбек жасынан асқандар - 50 458 (жалпы халықтың 6,5%-ы) адам.

Халықтың табиғи өсімі 2012 жылы елордада 15 995 адамға жетсе, бұл 1998 жылмен салыстырғанда 12,2 есе артық, деп хабарлады елорданың ресми сайтынан.