Бүгінгі акцияның ұйымдастырушысы - «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы. «Бір тамшы қан - сақталған өмір!» шарасы жыл сайын ұйымдастырылады. Осы жолы оған 150-ге жуық мемлекеттік қызметші әрі партия мүшелері қатысты.
«Жыл сайынғы акция дәстүрлі шараға айналды. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып, төрт жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан акцияның барысында мыңға жуық адам өз еркімен қан тапсырды. Аталған көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Осының өзі Астана тұрғындарының осы мәселеге немқұрайлы қарамайтындықтарын көрсетсе керек. Ерікті түрде қан тапсыратындардың ішінде жастардың көбейіп келе жатқаны қуантады», - дейді «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожаxметов.
10:57, 15 Маусым 2017
Астанада 150-ге жуық мемлекеттік қызметші қан тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қан қабылдау автобусы Министрліктер үйінің дәл алдына тоқтады. Сол жерде мемлекеттік қызметшілер автобусқа бір-бірлеп кіріп, қан тапсырды. Аталған шараның негізі мақсаты - қоғам назарын қанды ерікті түрде тапсыру мәселесіне аудару, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.