Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн өнімдері мен сүт өнімдері, пісірілген тағамдар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да көптеген өнімді сатып ала алады.
Іс-шара 17 және 18 мамыр күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді. Мекенжайы: Нұрғиса Тлендиев даңғылы, 12а.
Айта кету керек, Астанада басқа да ауылшаруашылық жәрмеңкесі жұмыс істеп тұр, мекенжайы: Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсы беті). Ол күн сайын сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін ашық болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлығы үшін жәрмеңкеге жақын жерде № 2, 32, 49, 50, 73 автобус маршруттары жүреді. Бұл тұрғындардың ыңғайлы қатынауын қамтамасыз етеді.
Астананың орталық саябағы жаңартылған соң қандай болатынын жазған болатынбыз.