Астанада 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт болды

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Астанада 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт болды,

  деп хабарлайды   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Ведомствоның ақпараты  бойынша,   Пушкин  көшесінде салынып жатқан  «Жарқын»   тұрғын  үй  кешенінде   бүгін  сағат 04.31- де  екінші-тоғызыншы қабаттардың арасындағы     электр тұстамаларындағы  кабель өртенген. Оқиға   орнынан 50  адам көшірілді.   Өрт    сағат 06.27-де сөндірілді. Құрбан болғандар мен  зардап шеккендер  жоқ.