Астанада 17 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі адам бар

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанадағы барлық санаттағы мүгедектердің саны - 17 211 адам немесе жалпы тұрғындардың 2,2 %-ы.

 Олардың  399-ы -18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.  I, II топтағы мүгедектер - 9117,  III топтағы мүгедек - 5695 адам,  ҰОС мүгедегі - 83 адам, ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер - 494 адам, мүгедектік топқа жататын,  ҰОС қатысушылар - 198 адам, деп хабарлайды   қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Аstana.kz  сайтының мәліметінше, мүмкіндігі шектеулі адамдар  дербес  бейімдеу бағдарламаларына сәйкес міндетті гигиеналық құралдармен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен,  тифло-сурдотехникалық құралдар, кресло-бесікарбалармен  қамтамасыз етіліп және шипажай-курорттық емделу көмектері көрсетіледі. Жүріп-тұруы қиын  1 топтағы мүгедектерге  жеке көмекшілер беріліп,  құлағы естімейтін мүгедектерге  қимыл тілімен түсіндіретін  мамандар қызмет етеді.