Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 жас 8 айлық бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр.
— Полиция жүргізушілерге тұрғын үйлердің аулалары мен айналасында айрықша сақ болу қажеттігін ескертеді. Балалар кенеттен жолға атып шығуы мүмкін екенін естен шығармауға шақырамыз. Ал ата-аналарға қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін балаларын жолға жақын тұста және аулада қараусыз қалдырмауға кеңес береміз, — делінген Астана қаласы полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада 5 күнде 1,5 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі тіркелгенін жазғанбыз.