Прокуратура мәліметінше, жаз басталғалы қалада мотоцикл жүргізушілерінің тыныштықты бұзуына қатысты 123 дерек тіркелген. Құқық қорғау органдары жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
Сонымен қатар жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен немесе жаяу жүргіншілерге арналған талаптарды бұзғаны үшін 19 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қала прокуратурасы тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға үндеді. Ведомствоның мәліметінше, жол қауіпсіздігіне қатысты әрбір құқық бұзушылық дерегі бақылауда болады.
Еске салайық, бұған дейін Астана әуежайында мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған әйел жауапқа тартылғанын хабарлағанбыз.