2014 жылы Астанада 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 19 көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта барлық көппәтерлі тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жөндеу жұмыстары 2014 жылдың 31 тамызына дейін аяқталады деп күтілуде.
Қазіргі таңда нысандардың шатыр, жертөле, кіре беріс, сыртқы қасбеттеріне жөндеу жұмыстары атқарылуда. Барлық үйлерге автоматтандырылған жылу нүктесін орнату қарастырылған. Қайтарылатын қаржыға Пригородный тұрғын үй алабында орналасқан 2 тұрғын үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шатырға жөндеу жүргізу мерзімі 2 ай уақытты алады.
"Тұрғын үй инспекцисы басқармасы «Өркен қала» ЖШС-мен бірлесе бағдарламаны жүзеге асыру аясында кондоминимум нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы тұрғындар мен басқарма органдарына түсіндіру жұмыстарын белсенді өткізуде" деп хабарлады басқарма қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік, 2011-2020 жылдарға арналған ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы коммуналды инфрақұрылымды жаңғыртуға шаралар қабылдау мен жасау, түрғын үй қатынастарының тиімді үлгісін құру, тұрғындарға көрсетілетін тұрғын үй коммуналдық қызметтерінің сапасын арттыру, сонымен бірге қаржыландырудың арнайы тетіктерін құру арқылы кондоминимум нысандарын терможаңғыртуды қосқанда ортақ мүлікке жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді.