Астанада бағдарламалық өнімдерді жасайтын жетекші компаниялардың 300-ден астам менеджері мен халықаралық IT-индустриясының өкілдері заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін талқылайды. Спикерлер цифрлық мемлекет, цифрлық экономика және инновациялық технологиялар тақырыбында ой қозғайды.
Іс-шараның қонақтары мемлекеттің неліктен бұлтты жүйеге көшіп жатқанын, электрондық бюджеттің қажеттілігі неде, білім беру, медицина және ауыл шаруашылығындағы цифрлық жүйе туралы мәселелерді саралайды. Форумның әр қатысушысы жеке сараптамалық кеңестер алуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, іс-шара барысында 1С инновациялық технологиялар мен серіктестердің көрмесі өтеді. Форум Достық көшесі 16 мекен -жайы бойынша орналасқан «The Ritz-Carlton, Astana» қонақ үйі сағат 9:00-де басталады.